Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
217
Мен
Мен
Тауға барсам да,
Бауға барсам да барі-барінде жүретін жолдың...
Сезіммен тылсым
Бөліскен сырды,
Корғайтын менің
Періштем сынды
Сол жағымда өмір сүретiн болдың.
Көңілімді де,
өмірімді де
Жайнатар сенсің гүл өпкен АРМАН.
Ән-жырымды да,
Тағдырымды да
Жап-жарық етер бір шырақ сенсің,
Жүректе жанған.
Жалған мұңым ба,
Калған гұмырда
Сендегі сертпен байланған едім?
Тағдырдың озі әсiлi мұңлы,
Кешірсін Алла асылығымды,
Мен сүйген АРМАН
Күннен де сұлу,Айдан да Керім!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇