Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  231


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

СЕНІҢ ЖҮЗІҢ

Сенің жүзің
бал-бұл жанған жайдары,
Теңесе алмас
аспандағы ай-дағы.
Үлбірейді ерекше бір сезіммен,
Қып-қызыл шоқ ерініңнің аймағы.
Шашың қандай?
Толқындана тербелер,


Осы бір сәт көңіліме нәр берер.
Шашты сілкіп,
кеудеңді тік ұстасаң,
Сонда сенің мінезің де өр келер.
Көзің қандай?
жайнаған бір шам дерсің,
Сөзің қандай?
Сызылған бір ән дерсің.
Сұлуларға сенің бейнең секілді,
Берсе құдай
Осындай-ақ тән берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу