Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  116


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ЖОҢҒАР

Жол барда аяулы Жоңғарға,
Жоңғарға шыңдары тірескен,
Жетемін көк шұбар жондарға,
Шақтарда қисапсыз гүл өскен.
Сайыңды өтетін аттап-ақ,
Бұл жерде танауы түріліп,
Көсіліп көкпарға шапқан ат,
Жатады молаға сүрініп.
Ол жайлы мынадай жыр түгіл,
Бақтыбай дастандар сарнатқан.
Әйтеуір, атамның жұрты бұл,
Қалса да жоңғарлық қалмақтан.
Сондықтан аңыз көп Жоңғарда,
Ізіндей сұрапыл елестің.
Арғы атам хас батыр болғанға,
Мен тіптен кінәлі емеспін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу