Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  155


Автор: Ислам Қосжан

Бұлтқа сыр

Бұлттар менің,
Даусым және сырласым,
Екеумізде бірдей аспан,
Бір жасын.
Менің жерде мәңгілікке жүрмесім,
Белгілі ғой,
Сен көгіңде тұрмасың.
Қиналғанда өзің болдың мұңдасым,
Сондықтан да,
Бұрдым саған жыр басын.
Жыладым мен,
Қуаныштан жыладым,
Қасымда сен тұрғасын!
Қашан да сен меніменен біргесің,
О, басында қатар салған іргесін.
Күркіредім,
Күркіредім дәл бүгін,
Қасымда сен жүргесін!
Дос туралы...
Білем,
Үлкен ұғым бар,
Бірегейі сол досымның,
Ұғыңдар!
Бұлттар менің шын досым,
Шыбын жаны отқа түсіп шырылдар.
Екеумізде мөлдірлік бар ұстаған,
Адамдарға құштар ән!
Іздегенде,


Маңайымда жоқ қазір,
Дәл өзіңдей,
Айтшы қайдан дос табам?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу