Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  88


Автор: Жəлел ШАЛҚАРОВ

ЛƏЗЗАТ

Лəйлəдай лағыл лебізге лайық,
Балапандайын бейкүнə бейнең.
Күлкіңнен артық ем іздеу айып,
Тұншыға қалса керқұла кеудем.
Əлем əспеті əлі де əрсіз,
Сендік сиқырды сезіне алмаса.
Кереметтердің бəрі де нəрсіз,
Мейрімді сендей кезі болмаса.
Затыңдай зарсыз, Зайдалық зердең,
Бақытқа лайық қиялдай керім.
 Өмірге тағы айналып келсем,
Ешкімді сендей сүйе алмас едім.
Заман заман ба заңдылықтарсыз,
Шегінсе шындық шертеді мұң күз.
Ажарсыз дер ем паң қылық қар қыз,
Ғалам құбыжық еркелігіңсіз.
Ақын ақын ба арбаса арын,
Сезім сезім бе бір жылытпаса.
Өмір өмір ме далбасаларын
Тізгілей бермей сырып тастаса.
Тағдыр тағдыр ма тар жол торламай,
Шабыт шабыт қой шапса қайда да.
Жəлел, Жəлел ме бір жыр арнамай,
Жұматай жүз жыр жазса Лəйлаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу