Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  142


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ШАНШУ

Ат мініп өскен аулақта,
даланың ұлы ем деп мен де
қараймын енді тау жаққа,
жүрегім шаншып кеткенде.
Аз көрдім деуге бола ма,
астаналықпын деп мен де
қараймын тұнып далаға,
өкпем бір қысып кеткенде.
Ел қойды мені кісі ғып,
парызым өтер қанша әлі:
содан өкпем қысылып,
жүрегім содан шаншыды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу