Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
236
Миллиардтаған құртақандай құрт-пенде...
Миллиардтаған құртақандай құрт-пенде,
Менсінбейміз, көзге ілмейміз жұртты өңге.
Бүгін миллиард,
Ертең миллиард,
Миллиардтап –
Жемтік болып жұтыламыз Жұт-Жерге!
Домаланған жуан құрсақ Жер жерік,
Жеңсік асы миллиардтаған пенде-құрт!
Тояр емес секунд сайын жемтігін,
Жеткізсең де «ағаш атқа» өңгеріп.
Қомағай жер адамзатқа болған аш,
Басқа затпен аш өзегін жалғамас.
Патшасың ба, пақырсың ба, – бәрібір,
Арықсың ба?
Семізсің бе? – талғамас!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇