Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
173
Қар да жауды толассыз...
Қар да жауды толассыз,
Ұйытқыды боран да.
Ойым да үт-жолақсыз,
Мұң-көрпеге оранған.
Сенім қанат қақпайды,
Үмітімді өшіріп.
Арман-ағыс ақпайды,
Арнасында көсіліп.
Жандыратын лаулатып,
Шаттық қайда кешегі?
Жанымды да жауратып,
Бір ызғырық еседі...
Өз заңы бар бағынар,
Табиғатта айып жоқ!
Сері күндер –
Сағынар,
Кеткені ме ғайып боп?!
Көңілдің жоқ күрмеуі,
Оны да шер алды орап.
Сезіміңнің сүрлеуін,
Тастағандай қар борап...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇