Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  147


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Тағдыр-ай!

Тағдыр-ай!
Сен əділ екен деп,
Иыққа не арттың – көтердім.
Бəлкім мен,
Бұл жалған мекеннен,
Өзіңмен тіресіп өтермін?!
Тіресу,
Күресу – салтың ғой,
Оныңның несіне таңданам?
Адасып қалмағай алтын ой,
Санамда жұлдыз боп жанбаған!
Бойды қой,
Ойымды илеме,
Мен-дағы көндіге алмаспын!
Əрине, сені де билемен,
Тек жырдың жорығы жалғассын!
Кəдік-ақ…
Табысып кету де,
Əйтеуір əділді бүркеме!
Құлшынам арманға жетуге,
Күрескер тірестен үрке ме?!
Əрəдік балаша алдайсың,
Əйтсе де, ауыр-ақ талабың.
Ешқашан қанаты талмайтын,
Өзіндік пікірде қаламын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу