01.06.2022
  576


Автор: Дәулет Мұқаев

Тоқыма өнеркәсібі бизнес жоспары

Тоқыма өнеркәсібі – жеңіл өнеркәсібінің мал жүнінен, өсімдік, жасанды және синтетикалық тал- шықтардан мата тоқу ісімен шұғылданатын салалар жиынтығы. Оған мақта – мата, жүн, зығыр, кендір кенеп өнеркәсібі, мақта өндірісі, мата емес материал- дар өндірісі т.б. салалар жатады.


Табиғи тоқыма талшықтың ең маңызды, әрі ар- зан, әрі кең тараған түрі – мақта талшығы.


Жеңіл Өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы – тоқыма өнеркәсібі.


Үйде отырып табыс тапқым келеді дейтін келін- шектер үшін бұл өте тиімді бизнес.


Артықшылықтары:


  • минималды шығындар;

  • үйде отырып та айналысуға болатын іс; Кемшіліктері:

  • табыс маусымға байланысты;

  • қол жұмысы көп уақытты алуы мүмкін.


Тоқыма өнеркәсібіне тән мынадай ерекшелік- терді атап өтуге болады:


  • тұтынушымен тығыз байланыс, сол немесе өзге аумақтағы халықтың тарихи-географиялық және әле- уметтік-экономикалық даму деңгейіне тәуелділік;

  • сәннің, талғамның және т.с.с. ауысып отыруы- на байланысты шығарылатын өнім ассортиментінің тез ауысуынан көрінетін саланың серпінділігі;

  • шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, фурни- тураға және оның рәсімделуіне, сондай-ақ технологияға және өндірістің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өзгеріп отыруы;



  • жұмыс күшінің кәсіби деңгейіне (шығар- машылық білімінің, талғамының болуы және т.с.с.) қойылатын ерекше талаптар.


Жалпы тоқыма өнеркәсібі дамушы елдер тобын- да жылдам қарқынмен дамуда. Бүгінде әлемдік тоқы- ма өнеркәсібінде бес басты аймақ қалыптасты: Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, ТМД, Батыс Еуропа және АҚШ. Әлемдегі тоқыма өнеркәсібінің басты аймағы Азия болды. Мақта-мата кездемелерін негізгі өндірушілер Қытай мен Үндістан болып табылады.


Осы ретте егер сіз де тоқыма ісімен айналыса- мын десеңіз жоғарыда аталған елдердің тәжірибесін қолдана отыра, отандық нарыққа өз ерекшелігіңіз- бен, кәсібіңізге деген басымдылықтарды ойлап табу арқылы, тез клиент таба бастайсыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу