Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  182


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Кей басшы

Кей басшының «химиялық құрамы»:
Қағаз, жиын, өкілдіктен тұрады,
Кей басшының жаңылмайтын ұраны-- «Таныстық» пен «туыстықтан» тұрады.
Кей басшыны көрсеңіз де күнде сіз,
Елестету мүмкін емес мінбесіз,
Қасиеттен ада болған бар ізгі,
«Газигімен» түсе қалған тəрізді.
Кейбір басшы «бедел жияр» жалбақтап,
«Көсемдікті» қолмен жасап алмаққа,
Жуық тартып көпшілікпен табыспай,
Суық тартып жүреді ылғи алыстай.
Басшылардың бəрі осы деп ұғынба,
Аз емес қой қалаулылар, шынында,
Қолды бірақ сілтер ек деп: «Далбаса!»,
Салауатты ізгі жандар болмаса!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу