Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.05.2022
206
Көңіл атты көлімнен
Көңіл атты көлімнен,
Құсы кеткен секілді,
Бір қара бұлт төрімнен,
Ұшып өткен секілді.
Сағынышқа малынған,
Сап-сары ала күздеймін,
Күндіз- түні жанымнан,
Əлде кімді іздеймін.
Елеңдеумен өмірі,
Кетерме екем көрмей-ақ,
Азынап тұр көңілім,
Бетағашсыз көрдей-ақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇