Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  84


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Көктем

Көктем шықса жайқалған,
Мен гүлдерді сүйемін.
Бар сұлулық байқалған,
Жыр көктемі, киелім.
Көктем келіп, кең дала,
Бәйшешектер гүлдеген
Маған қымбат сен ғана,
Керемет қой бұл деген.
Көктем келіп көгеріп,
Күн батыпты қызарып.
Түн түндігін шегеріп,
Қалыпты күн ұзарып.
Сұлулығың керемет,
Жыр әлемі кектемім.
Жердің жүзі текемет,
Күлімдейді кекте күн
Дүниенің паш етер,
Сұлулығын көктемім.
Кепе-кезге мас етер,
Гүлге толған бөктерің.
Кереметін даланың,
Жеткізе алман сөзбенен.
Бірден қайран қалатын,
Керу керек көзбенен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу