Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
146
Өмір және мен
Өмірге мына сыймаған,
Не деген жан ем, не деген.
Өзімді өзім қинаған,
Жан болып өстім неге мен.
Бұл өмір бөлек мен бөлек,
Қайғы да, мұң да ішімде.
Мен қалай айтам енбе деп,
Жүрсің ғой кіріп түсіме.
Мұңайып жүрген шағымда,
Шақырып тұрады мұңды арман.
Бас бермей өмір ағынға,
Көрінгім келеді шыңдардан.
Шыңдарға жету арманым,
Күресем мәңгі сол үшін.
Жақсы дос табу арманым,
Қиналсаң берер қол үшын,
Күресем мәңгі сол үшін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter