Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  90


Автор: Бекен Әбдіразақов

Өзіңмен Жетісудың тойында бір...

Өзіңмен Жетісудың тойында бір,
Жолыққан жақсы күндер ойымда жүр.
Ән толқып, сол толқыннан ой дірілдеп,
Менің де шымырлады-ау бойымда жыр.
Зәулім үй ақ көңілге сай түсі аппақ,
Биледім бір өзіңдей Ай құшақтап.
Жүрегім құлазиды сол түнді аңсап,
Қалыпты содан тәтті қайғы сақтап.
Иланшы. Күн жиекке сүңгігенде
Тосамын құлағымды түнгі желге.
Тау жақтан самал болып соғар деймін,
Өзімнен өзге дүние мүлгігенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу