29.05.2022
  129


Автор: Ескен Елубаев

САЗАЙЫН ТАРТТЫ

– Бəрi қорқып, ықсын, – деп,
Сүзеген боп шықсын, – деп,
Шыққан жанды үйiне
Қайта қуып тықсын, – деп,
Қызыл қасқа торпағын
Жалықпастан үйреттi.
Тыныш жатса ол тағы:
– Сүзiсем, – деп сүйреттi.
Бермедi ғой тыныштық,
Серiк əбден басынды.
Жатпаған соң күйiс қып,
Торпақ қатты ашынды.
Серiк тұрды сөзiнде:
Сүзеген қып шығарды.
Қазiр оның өзiн де,
Үйге қуып тығады.
Сыртта жүрсе торпағы,
Шыға алмайды үйiнен.
Сүзе ме деп қорқады,
Тығылып ап күнiмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу