Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  111


Автор: Балуан Шолақ

Ғалия

(4-түрі)
Қараөткелдік Ғалия сен емес пе ең,
Көкшетаудың Шолағы мен емес пе ем,
Ойпырмау, жан сəулем, Ғалия!
Кішкентайдан бірге өскен Ғалияжан,
Қарағың мен шырағың мен емес пе ем.
Ойпырмау, жан сəулем, Ғалия.
Қайырмасы:
Тілегім сен емес пе ең, тілегім,
Жан сүйгенім, Ғалия,
Жараланды жүрегім.


Сені ойлап, Ғалия, зарланамын,
Хатыңды оқып, сасқаннан зарланамын.
Зарлы күймен бойымды билеткенде,
Əсерімен сол күйдің толғанамын.
Қайырмасы.
Ғалияның қолында бұйда пышақ,
Ғалияны көрдім де, жайдым құшақ.
Жатыр ма екен Ғалия, отыр ма екен,
Айдын көлге шомылған аққуға ұқсап?
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу