Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
212
Айқабақ арман
Арман болған жасырын,
Жүректегі ғашығым менің,
Өзің аңсағаным-ай!
Жаным құрбан бір саған,
Ойлап сені ән саламын,
еркем!
Мәңгі ажырамайтын,
Бағым – сен екен!
Қайырмасы:
Айналайын, Айқабақ,
Жанарыңда тайғанап,
Қиялыммен аймалап
келемін.
Жүрегімде жанғансың,
Көңіліме қонғансың,
Мінезің мақпалдай,
Сезімің ақ қардай,
Аяулы армансың!
Шатыспайтын шақтамын,
Сендей жанды таппадым
іздеп.
Қанша шарласамда-ай!
Сенсің таза мөлдірім,
Жолықтырар енді кімді
маған,
Мәңгі тағдырымдайсың,
Таңғы шолпаным!
Қайырмасы:
Бағымбысың, Айқабақ,
Сені ғана аймалап
өтсем
Арман болмас еді ғой!
Қуанышым тасып бір,
Мен өзіңе ғашық болдым, жаным,
Көңіл тыншымайды ғой
Енді өзіңсіз!
Қайырмасы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter