Өлеңдер ✍️
Атадан
Атадан,
Жетеу боп туғам, заты аман.
Ақымақ қоғам қолыма қалам ұстатып,
Жалғыз ғып қойды жападан.
Жалғызбын.
Көлеңкесінің ұшында жүрем
жар-құздың.
Бауырымнан сылып барымды ұрлаған
уақытқа
Еркелігі жоқ балдызбын.
...Ақынмын,
Ақынмын кейде керексіз қара бақырмын.
Алапат заман тезіне салып илесе,
Жауыма оқ боп атылдым.
Мұңдымын.
Мұңдымын, кейде,
жындылығыммен құндымын.
Сөйтіп те жүріп сорынан сақтап
қаламын,
Күнəсіз елді күн бұрын.
Мақтанам,
Күншілдік мені мақтаншақсың деп
даттаған.
Мақтанға сыйған махаббатым мен
өр рухты
Болашақ, саған ап барам.
Атадан,
Жетеу боп туғам заты аман.
Қайта тудым да жалғыздық кештім –
жазмыш қой,
Өз кеудемде енді мен қалай тыныш
жата алам!
...Ой қанша?!
Айтамын мен де
«жүректің түбін бойласа»
Ақымақ қоғам қолыма күрек ұстатып,
Көрімді қаздырып қоймаса,
А й т а м ы н!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇