Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  258


Автор: Дәурен Берікқажыұлы

Жолбарыс

Уильям Блейктен
Беу, жолбарыс, шоқтай жанып
Қараңғыны тіліп өткен.
Сені кімнің көзі танып,
Кімнің қолы ұлық еткен?
Көк пе, жер ме: кімдер жақты
Дүр отты анау жанардағы?
От әперген кім қанатты?
Кім бұл істің қаһарманы?
Қандай шебер тапқан ойлап
Сенің тархан жүрегіңді?
Және сол сәт шеккен айбат
Көрген кім бар түр- өңіңді?
Қай құдірет ғашық болып,
Қандай көрік ми қайнатқан?
Кім сыйлаған асып- толып
Анау күшті сыймай жатқан?
Дегенменен шыққан сол сәт,
Шыққан сол сәт сен түнектен
Қорғансызға жүрген жан сап
Шығар ол да, сәл дір еткен?
Беу, жолбарыс, шоқтай жанып
Қараңғыны тіліп өткен.
Сені кімнің көзі танып,
Кімнің қолы ұлық еткен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

А
А 01.08.2024 18:38
Түпнұсқадағы ерекше жолдар мен оның мәнісә сақталмаған

Пікір жазу