Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  203


Автор: Несіпбек Айтұлы

Бүктетіліп атыларсың

Адасқанның көрген күні күн емес,
Қаңғырған жан қайда барып түнемес?
Қайыршының күркесінің шамындай,
Жер түбінен жылтырайды бір елес.
Қайыры жоқ қу тірліктің сәулесін
Қуа берсең құр бекерге әуресің.
Басың еркін болсын десең, бауырым,
Биік ұста намысыңның кеудесін.
Бұға берсең зұлымнан да, зордан да,
Құтылмайсың азаптан да, сордан да.
Бүктетіліп атыларсың бір күні,
Кеудеңе – кек, көзіңе қан толғанда




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу