Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  78


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Көзi жоқ көңiл адасты...

Көзi жоқ көңiл адасты,
«Арманы» дедi бiр жанды.
Қырық бiр құмалақ бал ашты,
Нəумез ғып кеттi Нұрланды.
Сөйлерiн жалған кiм бiлген,
Үмiтке сенiп үн қатам.
Жылғаға жақын жүрдiм мен,
Жылап та қайттым бiр жақтан…
Тамшы боп тұндым мөлдiреп,
Төсiне ап толқын тербеттi.
«Бақытты кезiм келдiң деп,
Аспаным нұрды селдеттi.
Көзi жоқ көңiл сол ма екен,
Көлеңке шалды күнгейiн.
Құмалақ қайдан көрдi екен,
Телiген жанның күргейiн…
Адасып қалған мен бе едiм,
Адасып жүрген ол ма едi?
Жамалын қайтiп көрмедiм,
Жолығысуға келмедi.
Көзi жоқ көңiл ме екен бұл,
Көтерiп алам кiнəсiн.
Құбылған өмiр ме екен бұл,
Оны да ептеп ұғасың…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу