Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  287


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Шоқан аға

Шоқан нағыз ұлы еді даланың,
Біліміне соншама таң қаламын.
Ғылым – мұхит, сүңгіп кетті тереңдеп,
«Тереңінен, - деді, - маржан аламын!»
Ойға, іске толы болып əр күні,
Отыз жасқа сыйып кетті барлығы.
Ақыл-ойдың отын жалғыз жаққан соң,
Жанып тұрған отқа ұқсайды тағдыры!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу