Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  116


Автор: Аманхан Əлімұлы

Түн

Жазғы дала. Көк төсінде толған Ай,
Көкірегінде бұлақ сəби күлкісі.
Көңіліңде құйттай кірбің болмағай,
Түн серігі, сері көңіл жылқышы.
Самал салдай сапар шеккен гүл іздеп,
Жусан кеуде төскейлерді кезеді.
Дөңбекшиді əжей үйде. Түн. Із көп,
Ояу кеуде əлденені сезеді.
Ауық-ауық кəрі төбет мазасыз,
Киіз үйдің іргесінен үреді.
Көңілі ояу, жаз қылықты бала қыз,
Көзін ілмей сыртқа құлақ түреді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу