Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  152


Автор: Гүлбақыт Қасен

Ұстаз

Ардақты ұстаз – шәкірттің ғажап бағбаны,
Білімді жанға бас иіп өтер бар қауым.
Өнеге-тәлім, берілсе білім жан-жақты,
Өскелең ұрпақ жасайды дұрыс таңдауын.
Сапалы білім, тәрбие беріп саналы,
Өсірген ойды, ғибрат сөзбен сананы.
Жүректе қалар ұлағат ісі ұстаздың,
Әкенің қаны, сүтіндей асыл ананың.
Іске асып жатса ізгі мұрат пен мақсаттар,
Еңбегі жанып, қуанған көңіл асқақтар.
Парасат, ақыл, даналық дәнін себетін,
Ардақты ұстаз қашанда лайық жақсы атқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу