Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.05.2022
390
Бөбегім
Бүлдіршін балам – бөбегім,
Бетіңнен аппақ өбемін.
Лүпілім жүрек бір соққан,
Арналар саған өлеңім.
Балдырған балам – бағымсың,
Тәп-тәтті шекер балымсың.
Алланың сүйген құлысың,
Жалғанда жалғыз барымсың.
Алтыным балам – тірегім,
Бауырым бүтін жүрегім.
Алдыға қарай талпынғын,
Өзің деп өмір сүремін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter