21.04.2022
  387


Автор: Шерубай Құрманбайұлы

Орысшыл болмасақ оңалмаймыз ба, Олжеке? *

 


Интерфакс агентігінің «Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы елшісі пост- кеңестік елдерді орыс тілін дамытуға шақырады» деген хабар таратуы кімді де болса, елең еткізері анық.


Біріншіден, Қазақстан елшісінің өз елінің мемлекеттік тілі Ата заңда көрсетілген заңды мəртебесіне сəйкес орнын иелене алмай жатқанына алаңдаушылық білдірмей, əлемге онсыз да кең тараған халықаралық тіл- дің жоғын жоқтап, оның мүддесін көздеп отырғаны мүлде түсініксіз. Өз тіліміздің мəселесін шеше алмай жүріп, жағдайы бізден он есе жақсы өзге тілдің қамын жегеніміз қай сасқанымыз? Бұл біздің кеңдігіміз бе, əлде кемдігіміз бе?


Екіншіден, бір елдің елшісінің басқа мемлекеттерге үшінші бір ел- дің мемлекеттік тілін үйреніңдер деп насихаттауы – азаматтық, құқықтық, саяси жəне дипломатиялық тұрғыдан да дұрыс ұсыныс емес. Əзербайжан ағайындар қазақ елшісінің бұл ұсынысына қуана қояр ма екен?


Ақын-елшіміздің бұл ұсынысын Эстония, Латвия мен Литва си- яқты Балтық жағалауы елдері, Грузия мен Украина, көршіміз Өзбекстан естісе, Олжекеңді оңдырмағанымен қоймай, «жалтақтау мен жалпақтау- дан əлі арыла алмай жүрген қайран қазақ бауырлар-ай» деп тұтас ұлты- мызға аяушылық білдірер деп қауіптенеміз.


Үшіншіден, Олжекеңнің «Орыс тілі арқылы біз əлемдік мəдениет- ке шықтық. Қазір біз бұл процеске қолдау көрсететін болсақ, ол өзінің жалғасын табар еді», – деген пікірінің де бүгінгі күннің шындығына сай келеді деу қиын. Рас, кеше солай болды. Біз қайда шықсақ та, Мəскеу арқылы, орыс тілі арқылы шығуға мəжбүр болдық. Ал қазір біз тəуел- сіз, дербес ел ретінде əлем мəдениетіне неге өз тілімізбен шықпаймыз? Көп векторлы саясат жүргізіп отырған ел емеспіз бе? Қазіргі жоғары білімді қазақ жастарының елеулі бөлігі ағылшын, француз, неміс, қы- тай, жапон сияқты əлемдік немесе дамыған елдердің тілдерін біледі. Ал олар неліктен əлем мəдениетіне орыс тілі деген «жалғыз көпірден» өтуге тиіс.


Жириновский жағамызға жармасып, «тілің жоқ, жерің жоқ» деп жатқанда, Олжасымыздың «ортақшыл, орысшыл болмай оңалмаймыз» деуін қалай түсінуге болады?


 



*О.Сүлейменовтің «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіндегі жария- лаған пікіріне қарсы жазылған бұл мақаланың автор ұсынған атауы «Олжекең неге орыс тілінің жыртысын жыртып жүр?» болатын. Жоғарыдағы тақы- рып редакция тарапынан берілген.


 


Əлемнің өркениетті елдерінің қай-қайсысы да өз тілдерімен өмір сүріп, жаһанданудан аман қалудың жолын іздеп, өз тілдерін насихаттап, оның кең таралуына мүдделі болып отырғанын өз көзімен көріп-біліп жүрген, ал өзімізге келгенде біз де қазақ тілін солай құрметтеп, іргелі ұлтқа тəн қасиет танытайық деуге аузы бара бермейтін Олжекеңнің, Одақтың салған «сара жолынан» адасып барамыз деп уайымдауына жол болсын.


Жалпы, Олжекең бізге алаңдамай-ақ қойсын, орыс тілінің Қазақстан- дағы жағдайы өте жақсы. Орыс тілі бізде халықаралық, мемлекеттік, ресми тілге жүктелетін қызметтің бəрін атқарып отыр. Білім беру жүйе- сінің барлық деңгейінде оқытылады.


Асан қайғы бабамыздың «...Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер?» дегеніндей, ел мүддесін көздеуге тиіс елшісі, халқының қа- мын жейді деген азулы ақыны өзгенің жыртысын жыртып жүрген қазақ, қазақ тілі қайтіп күн көрер екен?! Біз осыған алаңбыз...


 


«Егемен Қазақстан», 23 ақпан 2002 жыл, – № 35-38 (23996).


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу