21.04.2022
  284


Автор: Шерубай Құрманбайұлы

Даудың басы – «Бесбармақ»* ...

 


Бірден басын ашып айту керек. Қ.Əбіл басқарып отырған қалалық басқарманың елордамыз Астананың орталығында ашылған дəмхана атын тіркеуден бас тартуы негізсіз емес. «Бесбармақ» сөзінің əдеби нор- маға жатпайтыны анық. Академик Ə.Қайдаров, Г.Смағұлова, Р.Шойбеков сияқты тіл мамандары да «бесбармақ» сөзінің қазақ классик жазушыла- рының шығармаларында, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мəтелдердің құрамында кездеспейтінін айтқан. Лингвистикалық сараптама жасар болса, кез келген тіл маманы, Тіл білімі институты да осы тоқтамға ке- лер еді деп білеміз. Қытай елінен келген бір филолог-ғалым қандасымыз алғаш келгенде «Бесбармақ» деген қандай тағам екенін білмей дал бол- дым, кейін сұрап білсем, ол кəдімгі ең қадірлі ұлттық тағамымыз «ет» екен. Бізде бұл сөзді айтсаңыз, бірде-бір қазақ түсінбейді», – деп еді. Тіліміздің шұрайы бұзылмай сақталған қытай қазақтарының тілінде бұл сөздің мүлде жоқ екендігі де көп нəрседен хабардар етсе керек. Мейрам- ханалар мен дəмханалардың дастарқан мəзірінде қазір бұл ұлттық таға- мымыздың атауы «қазақша ет (мясо по-казахски)» түрінде де көрсетіліп жүргені белгілі.


Еліміздің бас қаласы Астананың келбеті келісімді болсын десек, көптеп ашылып жатқан түрлі мекемелердің аты да тіл мəдениетіне сай, талғаммен таңдалып, эстетикалық тұрғыдан да сұранысымызды өтей- тіндей, мемлекеттік тіліміздің мəртебесіне нұқсан келтірмейтіндей болғаны жөн-ақ. Əсіресе, бас қаламыз бұл істе өзгелерге үлгі болуға тиіс деп санаймыз.


«Егемен Қазақстан» газеті. 17 мамыр, 2003 ж. – №119.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу