Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  139


Автор: Абдрахман Асылбек

Кітап сауда

Кітап деген бұл күнде
Алтыннан да құндырақ.
Қол жетпейді шіркінге,
Көзден ұшты бұлдырап.
Қажет деген кітапты
Таба алмайсың, терлейсің.
Жақсы кітап жұтапты,
Сөрелерден көрмейсің.
Сол кітапты бүгінде
Енді қалай табамыз?
Сұрай-сұрай түбінде,
Базарына барамыз.
Қан базарға қайнаған
Кіресің де кетесің.
Көресің сен жайнаған
Кітаптардың «көкесін».
Бірін қалап қатардан,
Сұрай қалсаң қолға ала,
Дейді ұялмай сатарман:
«Бір кітапқа – он баға!».
Азық ақыл сарайға –
Кітап құнды бұйым ғой.
Он бағаға, алайда,
Ала қою қиын ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу