Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  178


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

АЙ ҚАРАЙДЫ СЫҒАЛАП АЛА БҰЛТТАН…

Ай қарайды сығалап ала бұлттан,
қос қарайған келеді иықтасып.
Қызған ерін қыз демін алады ұрттап,
ай қарайды сығалап ала бұлттан.
Бала бұлақ мәз болып күліп жатыр,–
қос қарайған кетеді біреу болып.
Тиіп кетсе қапыда жұмыр балтыр.
шөп бастары тұрады үрейленіп.
Ай қарайды сығалап – амалы не.
Ауыл жым-жырт, тек қана екі шетте
екі-ақ үйдің сөнбепті шамы әлі де...
1965




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу