Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.02.2022
533
ШЕГІНІС
Өлу деген – ең жеңіл жол,
Өмір сүру қиын бірақ.
Болғың келсе, ертегім бол,
Ажал болу тиым бірақ!
Өлгім келсе, жаным шығар,
Жан шығару қиын емес.
Сүйе білу бағым шығар,
Шайырға ол бұйым емес.
Сезімсіз күн – өліммен тең,
Керегі не Тәңірсіну?
Сенсіз қалу – тірілгенмен,
Өліп қалып, өмір сүру...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter