Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  162


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МҰҚАҒАЛИ

Мұқағали албан боп мақтанған жоқ,
Жыр жолында зулады ақтаңкер боп.
Сөздерінде сөнбейтін от лаулады,
Оқыдық біз жүректі мақтан кернеп.
Қаңқу сөзден жұмыстан келсем жүдеп,
Көтере алмай салмақтан еңсемді көп.
Жырларынан жүгімді жеңілдеттім,
Жыбырлаған тірлікке белсенді боп.
Шабыттанды өлеңмен сурет салып,
Қарасаздан қаз ұшты, үйрек қалып.
Қанатында қаздардың күй күмбірлеп,
Қас сұлулар мəз болды билеп барып.
Көз алдымнан кетпейді əлі күнге,
Менің жақсы айналған тəліміме.
«Тұмаш, Тұмаш!» деп алып алшаң басып,
Асығатын құрдасы Шəміліне...
Жазды бəрін сол ойды
ерен болып,
Жалғастырды талантты өрен келіп.
Ол күндерді кім білген қалатынын,
Бітпейтұғын бұл күнде өлең болып.
Қашықтағы ғажайып айды алатын,
Қайрағына шабыттың қайралатын.
Абай болып жүргенін абайламай,
Сəби болуды аңсады-ау, қайран ақын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу