Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  204


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АСЫЛБЕК СҮЛЕЙҰЛЫ

Ұлы Отан соғысының ардагері
Демалдық Талғардың бір гүлбағында,
Татитын өткен ғасыр жылдарына.
Аға сіз соғыс өртін көрген жансыз,
Жүріңіз менің жазған жырларымда.
Көргенсіз, Қытай, Жапон аймақтарын
Кешкенсіз қызыл қанды тайғақтарын.
 Жауларды қарсыласқан тобыменен,
Жеткенсіз ажалына айдап бəрін.
Алғансыз осылайша елдің кегін,
Басқансыз бақыт билеп жердің кеңін.
Осының дəлеліндей жарқырайды,
Көз тартып кеудеңізде ордендерің.
Қазағым мақтан етер сендей ұлды,
Қадірлеп азаматтық Еңбегіңді.
Атаңды асықтай да санамайтын
Атадан жаратылған кеңпейілді.
Сəн берген салтанатты гүл атанған,
Аға боп,Ата болып ұл балаға.
Шымкентте темір жолды мықтап салып,
Арыста арыстан боп жүрген, аға.
2011 ж., 22 тамыз
“Спутник” демалыс орны




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу