Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  194


Автор: Құл-Керім Елемес

БҰЗҒЫ

Имансыздың оспағы көп, коспағы жоқ көңілге,
Оспағынан айғыз-айғыз тыртық қалар көңілде...
Оспағымен осып-тіліп,
Жан-жүректі жұлқылап,
Нұрдай мөлдір адам көңлін табанға ұрар жыртып ап.
Хақты еске алар ой әлемін оспақтатып, шимайлап,
Рух шыңын жібереді теп-тегістеп, мидайлап.
Суық сөзі сұмаң қағып болмысыңды аралап,
Жібереді жан-жүйеңді жазылмастай жаралап.
Күйдіреді,
Жандырады,
Суытады,
Мұздатып,
Жанға лезде жара салып, асқындырар сыздатып.
Оспақы сөз салған тыртық рухта өшпей сақталмақ,
Сондықтан да оспадардың оспағынан сақта,
Аллаһ?!
2011.12.19




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу