08.02.2022
  390


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

АҚ КИІМДІ АДАМ

 


күтпеген оқиға


 


Күн Қышқаша тасаланысымен, ат шаптырым Жалпақсаз алабы ала көлеңке тартты. Тектұрмасты жағалай өскен қалың қамыс тым-тырыс қарауытады.


Былайғы беттегі тау да, дала да тұнжырай мүлгиді.


Шоқ-шоқ бұта шабуылға шыққан әскерлердей сұс танытады.



  • Түн қараңғы болады,– деді Көкә ренішін жа- сырмай.– Айтқанға көнбедіңдер, ертең келу керек еді.


–Қорқатының бар, несіне ілестің?– деді Әуес дүңк етіп.



  • Жаның тәтті екен, сабаз!

  • Дауды қойыңдар,– дедім мен араға түсіп. Көкә оттың қып-қызыл шоғын көсей бере, басын жерден жұлып алды.

  • Сендер қорқытпайсыңдар ғой, ә?– деді.– Әйтпесе Ортайға айтамын.– Көкәнің көздері бады- райып, шаштары тікірейіп, үрейленіп түр.

  • Е-е, сен тұрмақ, өзіміз де атар таңды көзімізбен атқызып жүрмесек,– деді Әуес.


Ортай деп отырғаны біздің сынып жетекшісі.


«Сөзіне ісі сай» деп апам аузынан тастамайтын. Тапалтақ шойын қара жігіт. Каникулға шығарда бізді жинап алып:



  • Сендер енді саяхатшысыңдар. Өлкемізді зерт- тейміз. Ақ шатыр тігеміз. Түнде далаға түнейміз. Тауға шығамыз, бүркіттің ұясын көреміз,– деген соң-ақ ба- лалар жол қапшықтарын әзірлей бастаған. Ертеңінде Ортай үш баланы Жалпақсазға жеткізіп тастап, ау- ылда қалғандарды алып келуге жүріп кетті. Содан әлі


 


жоқ. Күн болса, батып барады. Аппақ шатыр мен са- тырлай жанған қу қарағай ғана, бұл маңда тіршілік ба- рын аңғартып тұр.


Сәлден соң ымырт түсіп, жұлдыздар аспан төріне шоғырлана қалды.



  • Ортай бүгін келмейді,– деді шатырға кіре Көкә.

  • Мейлі, ол келмесе де қорқа қоймаспыз,– деді Әуес. Өзі үнемі үлкен адам сияқты сөйлейді. Дауласуға әркез әзір.

  • Қорықанға қос көрінеді,– дедім мен. Үшеуі де үнсіз қалды.


Түн. Шатыр іші ала көлеңке. Балауыз шам ала шыққанымыз оңды болар ма. Соның өзінде тарс бүркенген Көкәға қарап мен де елегізимін. Тезірек ұйқтап кетсем, шіркін! Содан кейін не болса, о болсын деймін іштей.



  • Мен ертегі айтайын,– деді арғы шетте жатқан Әуес. Аударьілып түсіп еді, жайылма төсек шықыр етті. – Уақыт өтсін.

  • Ал, мейлі.– Көкәның дауысы көрпенің астынан тұншыға естілді.

  • Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы бөрте екен. Қырғауылдың құйрығы ұзын екен. Алаңқай де- ген шаһарды бір патша билепті. Қазынасы алтынға, қорғаны әскерге толы, елге қытымыр, қаһарлы патша болыпты. Сол патшаның жан дегенде жалғыз ұлы бар екен. Ұлы күндердің күнінде дертке шалдығып, пат- ша көңіліне қауіп кіріпті. «Аспандағы айды әпер» деп сандырақтайды екен. Сасқалақтаған хан жер-жерге ат шаптырып, бақсы-балгер шақыртыпты. Бірақ дертке дауа табылмай, күннен күнге баланың жағы суалып, ауруы асқына түсіпті. Амал таппаған хан ел-жұртына жар салыпты. «Кімде кім баламды емдеп жазса, дүниемнің жартысын беремін, қаласа өзіме уәзір сай- лаймын»,–депті. Күндердің күнінде патша сарайының қақпасын ақ киімді, ақ сәлделі адам келіп қағыпты. Қақпа сақшылары салған бойда сарайға жүгіреді... Патша...


Кенет Көкә ту сыртымнан нұқып қалып: «Былай қара!»– деді. Шатыр есігінен ақ киімді еңгезердей біреу кіріп келе жатыр. Сұмдық-ай, өңім бе, түсім бе? Ертегішінің де үні өшті. Теңселе басқан ақ киімді адам бізге жақындады. Міне, қазір мені бас салады. Жүрегім тоқтап қалғандай. Сөйткенше, ақ киімді кері бұрылды. Екі қолын жайып күбірледі, бата оқыған бо- лып бетін сипады. Сонан соң Әуеске беттеді. Енді не істер екен. Әуесті буындырады. Батырсынған ертегіші, күнің бітті, Бірақ ақ киімді адам Әуеске де тимеді. Ба- сын тұқырайтқан күйі шатыр ішінде сенделіп жүріп алды.


Енді бір сәт әлгі тізерлеп отыра қалды.



  • Мынау шайтан емес,– деді Көкә құлағыма сы- бырлап,– Бісмілладан қорықпайды.


Ол жауап қайтарудың орнына, жауырынымның ортасынан шымшып алды. Бір уыс етімді жұлып әкеткен шығар. Айқайлап жібердім.



  • Ойбай-ай!


Әп-сәтте біз күтпеген оқиға болды. Дауыстан шошынған Әуес пен Көкә қоса шыңғырып жіберді. Ақ киімді адам атып түрегеліп, ішек-сілесі қата күлді.



  • Әй, қорқақтар, мен Сапармын,– деген кезде, өз құлағыма өзім сенбедім. Иә, соның даусы сияқты.

  • Балалар! Мен сендердің кластастарың Сапар Биқожаевпын. Мені Ортай аға жіберді.


 


Сол-ақ екен, шатыр іші ұмар-жұмар болды да кетті. Әуес ақ киімді «әулиені» алып ұрып, түйгіштеп жатыр. Зығырданым қайнағаны соншалық, менде кірісіп кеттім.



  • Ағатай! Мен қалжыңдап едім,– деп жалынады Сапар.

  • Қалжыңның көкесін көрсетейін саған, ақ киімді албасты!


Төрт тағандап сыртқа ұмтылған Сапар қаша жөнелмек еді, әлденеге шалынып, омақаса құлады.



  • Кешіріңдер, балалар,– деп жан ұшыра дауыс- тап бетін қорғады. Бәріміз де қалт тұра қалдық. Көкә шиқылдап күліп жіберді. Оған Әуес қосылды. Мен ішімді басып, жантая кеттім. Сапар оранған масахана- сын шешіп, жерге лақтырып тастады.

  • Өздерің кінәлісіңдер,– деді ол жыламсырап,– Сендердің ертегілеріңді естімесем, масахана жамылып қорқытпас едім.

  • Жүрегіміз жарылып кетсе, қайтесің?– деді Көкә шынын айтып. – Сау қалдың ғой, әйтеуір. Онан да су әкелші. Бет-аузымызды жуайық. Түу, бой-бой болып терлегенім,– деді Сапар.

  • Сауап саған, ақ киімді әулие,– дедім мен. Көп кешікей сырттан мотор гүрілі естіліп, есік алдына ма- шина тоқтады.

  • Дала жиһангерлеріне сәлем!– деді кабинадан түскен басшымыз.– Қорыққан жоқсың-дар ма?


Бәріміз бір кісідей басымызды шайқадық.



  • Машиңадан жүкті түсіріңдер, басқа шатырлар- ды да құрыңдар!– деп бұйырды ол. Балалар машинаға лап қойды.


Ертеңгісін керней үні оятты бізді. Барабандар дүрсілдеп қоя берді.



  • Тауға шығамыз,– деді Ортай ағай рапорт қабылдаған соң – Киікбелеңді, Биесимасты өрлеп, Қышқаш қорғанысына барамыз.


–Балалар қуана дауыстап жіберді.



  • Алға!


Шабуылға шыққан Суворов жауынгерлеріндей алға лап қойдық. Әншейінде тау аласа сияқты еді. Аз- дан соң аяғымыз тала бастады.



  • Отряд жарты сағат демалсын!

  • Біздің де күткеніміз осы,– деді Көкә мәз болып.


Қапшықтарды жерге қойып, отыра кетістік те, төменге көз тастадық. Қышқаштан құлаған Селдей өзені ен далаға аранын аша ұмтылған алып айдаһардай ирелеңдеп, гүрілдеп ағып жатыр.



  • Біздің ауыл сонау тұста,– деді Әуес сұқ қолы- мен құбыла бетті көрсетіп.

  • Жоқ, мына жақта,– деді Сапар дау айтып. Мен атамды есіме түсірдім. Дәл қазір Қаракерді су-ғарып, жалын тарап жатыр-ау...


–Қартайғанда осы бір малы құрғыр бәле болды- ау,– деп апам күңкілдеп қойып, шай қамдап жүрген шығар.


–Балалар, мен Биесимастың өткен тарихын әңгімелеп берейін,– деді Ортай. Біз алқақотан отыра кетістік.



  • Биесимас бұрын ақ пен қызыл соғысында Қытайға бас жолы болған

  • Қышқаш қорғаны әлі алда ма?

  • Тауға өрмелейміз ғой?

  • Қиын шығар, ә? Сол сәтте:



  • Шаршаған жоқсыңдар ма?– деді бізге сынай қараған Ортай ағай.

  • Жоқ,– деп балалар шу етті.

  • Алға!


Қышқаш бекінісіне беттеген жол бойынан шошақ бейіт көрінді.


«Біз айналма жолмен келеміз. Әдейі жер көрсін деп бұрылдым»,– деген әлгінде ағай. Шынында лагерьдің тұсы екен. Бетпен өрлесе, бейіттің өзіне қас-қағым сәтте жетуге болады. Алғашқыда ғажап мұнара ма деп қалдық. Терістік беті құлап, бүйірлері үңірейіп, сұс та- нытады. Айналасы мыжырайған ескі молалар, топ-топ шеңгел өскен.



  • Талай адамның жанын жаралап, көңіліне қаяу түсірген бұл бейіт,– деді Ортай ағай күрсініп.

  • Қалайша? Қайтіп?– Бәріміз жарыса сұрақ қойдық. Ортай ағайда үн жоқ. Алға қарай жүріп кетті. Балалар қүбыжық көргендей аяғын сескене басады. Жүздерінде қорқыныш табы. Әсіресе қыздарда зәре жоқ. Бір-бірімен сыбырлай сөйлеседі. Кенет бейіт ішінен «Аллауакпәр!»– деген зарлы үн шықты. Қалт тұра қалыстық.

  • Әлі де әзәзілден арылмапты-ау бұл маңай!

  • Бұл бейіттің шырақшысының даусы. Бейпіл сөйлемеңдер,– деп ескертті Ортай ағай.


Қалың қабағының астындағы            ойнақшыған қара көздері жалт-жұлт етіп, от шашып, ашу таны- тып тұр. – Аллауакпәр!– Әлгі дауыс қайта шықты. Биіктігі он метрге жуық алып бейіт іші азан-қазан. Жан-жағымызға үрейлене көз тастадық. Айшықты қабырғалар, ши басына байланған ақ шүберектер. Жер- ден ойылған ошақтар, күл-қоқыс, сүйек-саяқ... Беткей-


 


де бір топ қой-ешкі жайылып жүр. Ортай ағайдың жүзінен мысқыл білінді. Түк түсінсек бұйырмасын. Мазарға жақындағанда ішінен басында ақ сәлдесі бар, шоқша сақалды бейтаныс жан шыға келді.



  • Астапыралла,– деді ол шошына,

  • Әрі жүріңдер, әрі!–Үнінде зіл. Ортай ағай ерегісе ілгері аттады.

  • Әулие бабамыздың маңынан аулақ. Ортай міз бағар емес. Шыжбалақтаған шырақшы есікке көл- денеңдей тұрды. Демімізді ішімізге тартып, тырп ете алмай қалдық.

  • Алға!


Ақ сәлделінің жүзіне ұрлана көз тастадым. Аумаған сиқыршы. Жақтары суалған, әжімдері сызат- сызат. Қолында талдан жонып жасаған имек бас таяқ. Танауы қусырылып, терісіне симай ашуланып тұр. Таяғымен Ортай ағайды жасқамақ ыңғайда.



  • Осыдан екі шақырымдай жерде Қышқаш қорғанысы жатыр,– деді Ортай былай шыққан соң. Артыма қарадым.

  • Аулақ, аулақ,– деп дауыстады ақ сәлделі шы- рақшы.

  • Ал, ақ киімді адам, кәдімгі әулиені көрдің бе?– деді Әуес Сапарға тиісіп.

  • Кешкісін таяқ жонып беріп, әлгі атаның жаны- на жіберейік,– деді Көкә қосанжарласып. Сапар ұяла қызарақтады.


 


ҚЫШҚАШ  БЕКШІСІ. ҚҰПИЯ КЕЛІСІМ


 


Қышқаш шоқысына уәделі уақытта кеп жеттік. Төменде кішірейіп шошақ бейіт көрінеді. Одан әріде біздің лагерь шатырлары. Желбіреген ту. Оның айна- ласы кішкене кок жалаушалармен қоршалған. Бірінші пост. Екінші, үшінші... Әрқайсысының жанында қалшиған кезекші.


–Суборовтың лагері,– деді қиялшыл Көкә.



  • Мынау – Швеция Альпасы.


–Швейцария Альпасы де,– деп түзетті әлдекім.


–Не болса о болсын, қазір төмен қарай сырғанаймыз да, жаудың желке тұсынан шығып, тас- талқанын шығарамыз,– деді Көкә.



  • Әй, сен қояннан ештеңе шыға қоймас,– дедім.

  • Түу, сен-ақ аяқтан шалып біттің ғой,– деді өкпелеп Көкә.

  • Қышқаш қорғанысының ұзындығы екі шақы- рымға жуық. Төбенің бауырын қуалай қазылған ескі окопты көріп тұрсыңдар ма? Қытайдағы қашқындарды қызылдар бейіт жақтан қарсы алған. Оңы мен солы құз, арты заңғар шың,– деді Ортай ағай шоқының ба- сына көтерілгенімізде.


Қашқын халықты қызылдар қолға түсіріп, әлгі әулие бейітке апарып жазалаған.



  • Қайтіп?– деді Сапар. Ортай ағай бәріміздің жүзімізге асықпай қарап алды да, окоптың ернеуіне- қарғып шығып, отыра кетті.


–Қазақты атып жазалаған. – деді Ортай бұған.



  • Қызық екен,– деді таңданған Көкә. Ортай ағай қабағын түйді:

  • Несі қызық? Аяусыз дүрелеп,          құздан


 


лақтырып, таспен атқылап өлтіргені ме? Ат құйрығына сүйретіп, жонын қамшымен тілгілеген. Міне, бір молда ойда жоқта дүниеге келді.



  • Періште болса, қанды бейітке неге келен?,– дедім мен. – Иә, дұрыс айтасың Бейбіт,– деп Ортай ағай арқамнан қақты да, шатырға кетті.

  • Бейітті бақылауға аламыз,– дедім сыбырлап.

  • Мені де тастамаңдар,– деді Көкә.

  • Бұл құпияны ешкім білуге тиіс емес,– деді Сапар.



  •  




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу