Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  99


Автор: Жарасбай Нұрқанов

МҰНАРТУ

Таулардың талма түсте мұнартқаны –
Мұнардай əлденеге құмартқаны;
Құмардан шыға алмайтын тас тағдырын
Жұмсартып, өзін өзі жұбатқаны.
Буалдыр таудың бозғыл бүркеніші,
Келгендей мұңды кейпін бүркегісі.
Қол жетпес жас арудан сағы сынып,
Тұрғандай іштен тынып үлкен кісі.
Жігітті жайсаң еткен – жігер еді,
Жігерсіз жігіт шіркін жүдер еді.
Мұң шалып, мұнар басу дегеніңіз
Тауды да көлегейлеп жібереді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу