Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  250


Автор: Жарасбай Нұрқанов

МАХАББАТ МЕРЕКЕСІ

Мен сені көп іздедім
Осынау дүниеден.
Бір ғана сені іздедім
Беймаза жүрегіммен.
Сезініп теңіз лебін,
Жағада жүргенімде;
Теңселіп сені іздедім,
Білдің бе, білмедің бе?
Сыңарым – өзің бе едің,
Жаныма сондай жақын.
Мен сені көп іздедім,
Аяулы махаббатым!
 Мөлдіреп сезімдерім,
Мен сені көп іздедім.
Арманым – сен екенсің,
Кездеспей жүр екенбіз.
Махаббат мерекесі,
Ол – біздің мерекеміз.
Шырқайық, кел, екеуміз,
Кел, екеуміз!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу