Баталар ✍️

  26.01.2022
  1963


Автор: Жібек Ысқақова

Құтты болсын тойларың!

Қолдарыңды жайыңдар!
Екі жас бата берейін.
Қадамдарың оң болып,
Үстем болсын мерейің!
Құтты болсын тойларың,
Бірге ұласып ойларың!
Шаңырағың берік боп,
Жақсылықты тойлағын!
Шаттықты болсын үйлерің,
Бақытты болсын күйлерің!
Ризықтарың ортаймай,
Қуаныштан билегін!
Ақ неке бақыт сыйласын,
Күндей жылу таратып!
Биік самғап ұшыңдар,
Барлық жанды қаратып!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу