Баталар ✍️

  16.01.2022
  4445


Автор: Жібек Ысқақова

Ұзатылған қызға

Ұзатылып барасың,
Біздің елден жыраққа.
Әр қадамың оң болсын,
Шығар әрбір қыратқа.
Тастай батып, судай сің,
Серпін беріп бұлаққа.
Ерте тұрып қызмет ет,
Жатып алма бірақта.
Білем бізді қимайсың,
Көңіліңді түсірме.
Қыз мұраты кету бұл,
Қарсылық жоқ үкімге.
Құрметтегін атаңды,
Кесіп өтпей алдынан.
Енеңді де сыйлай түс,
Таймай адал қалпыңнан!
Қайынжұртқа бақ сыйла,
Жаратқаным жар болып!
Күн нұрындай шашыра,
Арайлы атар таң болып!
Қосағыңмен қоса ағар,
Айдын көлде тербеліп!
Бір болыңдар мәңгілік,
Қиындықты еңсеріп!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу