03.12.2021
  429


Автор: Жаңа жыл

Атама жаңа жылға тілек

Жаңа жылдың ашылды жаңа есігі,
Құтты болсын аташым бұл жаңа жыл.
Көңіліңді тербесін ән менен жыр,
Аулақ болып аташым қайғы мен мұң.

Бақытыңның базары тарқамасын,
Асыл атам денсаулық мықты болып.
Жаңа жылың шаттығын бере берсін,
Отбасына таусылмас бақыт қонып.

Амандықта ортамызда жүрші ата,
Қуанышта, шаттықта бізбен бірге.
Немеренің қызығына тоймай ата,
Шөберені ойнатып ата күнде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу