Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.12.2021
224
АКСИОМА
Күйіп-жанып жалынға мың,
Менің сені сағынғаным,
Аңсап, шаршап үздіккенім –
Махаббатқа табынғаным.
Аласұрып мида қаным,
Сені өзгеге қимағаным,
Сыздап жүрек қызғанғаным –
Махаббатты сыйлағаным.
Түсе жүре әлекке мың,
Сені ғана өбектеуім,
Сені ғана шын сүйгенім –
Махаббатқа тәу еткенім.
Кім айта алар асылға мін,
Сезімімді жасырмадым.
Менің сені шын сүйгенім –
Махаббатқа бас ұрғаным!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇