Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.11.2021
216
Тағдырдың басқа салғанын
Тағдырдың басқа салғанын
Тауқымет деуге бола ма?!
Қаптаған қауым жан-жағың,
Жалқы жоқ деуге бола ма?!
Назамен сөнген намыстың
Нарқы жоқ деуге бола ма?!
Өзіңмен өзің алыстың,
Талқы жоқ деуге бола ма?!
Орыны толған дүние
Олқы жоқ деуге бола ма?!
Қалған соң дүние кімнен де
Көркі жоқ деуге бола ма?!
Бола ма кесіп-пішуге,
Бола ма кесім айтуға?
Дүние осы пішінде,
Замана осы қалпында
Тұрады деуге бола ма,
Тұратын болса егерде,
Сәулелі оймен санаңа
Келешегіңді көгенде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇