Өлеңдер ✍️

  11.11.2021
  4917


Автор: Жібек Ысқақова

Университет түлегі, студент қызыма тілек

Айым, күнім, жұлдызым, жаным қызым,
Жана берсін әрдайым бағың қызым.
Универді тамамдап жатсың бүгін,
Құттықтаймын өзіңді бақ жұлдызым.

Ұйқысыз өткен түндерің оқу үшін,
Қуанышын сыйласын алтыным сол.
Абыройың асқақтап қызым менің,
Өз ісіңнің нағыз сен маманы бол.

Денің сау боп жарқыра гүл көктемдей,
Қанаттарың талмасын, биік самға.
Еңбегіңнің жемісін көр алтын қызым,
Бақытты бол, нұр сыйлап әрбір жанға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу