18.10.2021
  191


Автор: Дәркен Танабаев

БӨРІ АНА

І
Басына құздың жеткендей,
Шатқалды түгел аралап.
Орманды кезіп кеткендей,
Азалы дауыс жаралап.
Маралдар үркіп елеңдеп,
Қиядан төмен құлаған,
Тоғайға сіңді төмендеп,
Бөрі ана еді ұлыған.
Үкі де тынды саңқылдақ,
Ағаштан қарап бір биік.
Шошыған құстар қаңқылдап,
Елеңдеп қалды үрпиіп.
Тіршілік үні тоқтаған,
Жалаңаш жартас қырынан.
Бөлтіріктерін жоқтаған,
Бөрі ана отыр ұлыған.
Ала бұлт басып аспанды,
Сәулеге көмер бір үзіп.
Түнектен қою қашқанды,
Табақтай күміс ай жүзіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

03.03.2022 17:39
???өте керемет бірақ қысқа

Пікір жазу