Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.07.2021
263
Рүстембекке
Рүстембек сен қаяқта, мен қаяқта,
Қалынды басым қаңғып, ел қаяқта.
Сен едің сенген қосшым, кеттің қаңғып,
Жарайтын жолдастыққа ер қаяқта.
Жолдасын жолға тастап жүре берген,
Қаңғырған құр далаға сен саяқта.
Оқып көр осы сөзді өкпелеме,
Сыбағаң сапырулы тұр аяқта.
1935.
Рүстембек жолдас Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter