Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.06.2021
398
Көсем туралы сөз
Күндер де өткен, талайдан жылдар да өткен,
Қатал «тағдыр» жолымен ғасыр жылжып.
Ақын мұра сөзімен маған жеткен,
Елім сүйген көсемді айтам жыр ғып.
Өз балаңдай, жарыңдай; өміріңдей —
Сақта ойыңда Отанды күннен нұрлы!
Жанға балап, жүректің түкпірінен
Мен жырлаймын өзіңнен туған ұлды.
Сүймейді ол мақтауды, бірақ, маған
Айт деп халық бұйырды — бағындым мен.
Ақын тілі жете алмас сипатына,
Тірі адам да тап оған болмайды тең.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter