07.06.2021
3633
Автор: Асаба (тамада)
СҮНДЕТ ТОЙ
Бала, бала-бал ғұмыр,
Қуанышы мәңгі жыр.
Отырыпты сүндетке,
Жігіттіктің алды бұл.
Дәстүріміз бел алды,
Елдің ісі оңалды.
Өтеліпті парызы,
Жасалыпты жоралғы.
Тытты болсын сүндеті,
Ол-Мұхамет үмбеті.
Орындалды ойдағы,
Ата – ананың міндеті.
Мұсылмандық-иманың,
Екендігін біл, жаным.
Той жасапты ағайын,
Шашып барлық жиғанын.
Өмірдің бір белесі,
Мұсылмандық жөні осы.
Қуанып жүр әкесі
Көкке жетіп төбесі.
Аман – есен жетейік,
Тойларына келесі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook |
VK |
WhatsApp |
Telegram |
Twitter
Пікір жазу