Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2021
227
Бірте-бірте салбырап мұң масағы
Бірте-бірте салбырап мұң масағы,
Әзірейіл сайтанмен ымдасады.
Гүл бақшаның орынын алабота,
Көне қала орынын құм басады.
Түйілмесін!
Түйілсе жыл қабағы,
Қызды алады біртіндеп,
Ұлды алады.
Жанартаудың орнында жаман төбе,
Қызыл шоқтың орнында күл қалады.
Түк істемес жындының балағаты.
Өлмейтұғын жалғыз-ақ дана хаты.
Өсімдіктің артында бір түйір дән,
Ардагердің атында қалады аты!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇