Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  116


Автор: Қадыр Мырза Әли

Арғымаққа жақын тұрар ақындар

Арғымаққа жақын тұрар ақындар.
Атың болса — жырағың да жақындар.
Басқаларша
Жүйрігіне заманның
Мінем десем,
Менің де, дос, қақым бар.
Бірақ, бірақ
Жүрек аман,
Ми аман.
Өткен күнді қалай ұмытам,
Қия алам?!
Еске түсіп мәстек мінген күндерім,
Машинаға отыруға ұялам!
Құйғытқанша құйын болып ерген жел,
Машина алып бер деп маған жүр кенжем.
Алып берем,
Ақыл болса басында,
Аяққа да жұмыс тауып берген жөн.
Өңір қалай,
Өмір қалай түрленді!
Менің күнім заманменен бірге енді.
Әйтсе де осы машинада шіренбей,
Ұнатамын көппен бірге жүргенді.
Көрсем де мен жетімдіктің тозағын,
Қолымды ылғи шүкірлікке созамын.
Маңдайыма жазған болса озуды,
Жаяу жүріп,
Жай жүріп-ақ озамын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу