Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  324


Автор: Әбділда Тәжібаев

Қара теңізге

Теңіз, теңіз, Қара теңіз!
Туғандайсың көкпен егіз.
Өзгерілмес өз күйінде
Жатырсың бір жарты дүние,
Мен де сонау әуел бастан
Әбділда боп жаралмастан,
Теңіз болып туғанымда,
Құл боп кетпей қу қарынға,
Бұлтқа айналып алған демім,
Күйге айналып соққан селім.
Жатпас па еді сенше ырғалып,
Тұрмас па еді жұрт таң қалып!

1957




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу